Семейде футбол тойы басталды

40 жылдан соң алғаш рет толық жөндеуден өткен Семейдегі «Спартак» стадионына еліміздің түкпір-түкпірінен футбол жанкүйерлері жиналып, ерке Ертістің жағасында көптен күткен ел футболының 100 жылдық мерейтойы аясындағы алғашқы ойындарды тамашалап үлгерді.

Жанкүйерлер арасында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та болды. Мәскеудің «Спартагы» әлі де өзінің күш-қуаты қайтпағанын дәлелдеп, Өскеменнің «Востогын» 3:0, Семейдің «Спартагын» 1:0 есебімен ұтты.