Семейде гараж тонаумен айналысқан азамат ұсталды

М.Қадырбаевтың айтуынша, күдікті негізінен қаланың орталығында ұрлық жасаған. "Ол гараждарға жер астын қазып немесе құлыптарын сындырып енген. Күдікті машинаның автомагнитоласын, қосалқы бөлшектерін, телевизорларды ұрлап, орталық базарда сатқан",-деді М.Қадырбаев.

Полиция қызметкерлері он ұрлық дерегін дәлелдеді. Жалпы, үстіміздегі жылдың 9 айында 24 гараж тоналған. Қолға түскен күдіктіге қатысты ҚР ҚК 175 бабына сәйкес (ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті