Семейде гаражда тұрған көліктен қыз бен жігіттің мәйіті табылды

Семейде көлікте болған қыз бен жігітке иіс тиіп, қаза тапты, деп хабаралайды Sputnik

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы хабарлағандай, қайғылы оқиға 7 қаңтар күні кешкісін гаражда болыпты.  

"Қыз бен жігіт гаражда тұрған көліктің ішінде болған. Тоңып қаламыз деп, көлікті өшірмеген сыңайлы. Мәйіттерін кешке төңіректі шолып шыққан күзетші тауып алды", — деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Бастапқы деректер бойынша, қыз бен жігіт иіс газына тұншығып қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.