Министрліктің ақпаратына сәйкес, газ баллоны Тәңірбергенов көшесіндегі гараж кооперативінде жарылды. Жарылыс салдарынан шыққан өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндірген кезде 46 жастағы еркек пен аты-жөні беймәлім әйелдің мәйіті табылды.
Өртті министрлік күштері бір сағатта сөндірді.