Семейде героин сатып жүрген Талдықорған тұрғыны ұсталды

Оның айтуынша, 44 жастағы әйел Семейге әдейі есірткі сату үшін келген. "Біздің қалада ол пәтер жалдап тұрған, сол жерде героин сатып жатқан кезде өз сатып алушысымен бірге ұсталды",- дейді тәртіп сақшылары.

"Есірткі сатушы әйелдің пәтерінен 600 грамм, ал ұсталған ер адамнан 15 грамм героин табылды. Тәркіленген есірткі аса ірі партияға жатады, өйткені, бір грамм героин "қара базарда" шамамен 3 мың теңге тұрады",- деді Ә.Бағдатов.

Оның айтуынша, ұсталған әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің (есірткілік заттарды заңсыз сатып алу, сақтау немесе сату жөніндегі) 259-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті