Семейде героин тасымалымен айналысқан қарттар ұсталды


4 жарым келі героин дорбаның түбіндегі жасырын қалталарға салынған екен. Дегенмен қарттар тауар біздікі емес, сөмкені Душанбеде белгісіз біреулер ұстатып, Новосібірге жеткізіп тастауымызды сұрады деп ақталып отыр. Қазір зейнеткерлердің айтқандары тексерілуде. Ал өздері уақытша қамауға алынған. Егер есірткіге қариялардың қатысы бары анықталса, олар 10 жылға бас бостандықтарынан айырылулары мүмкін.