Семейде ғимараттан құлаған металл жабын екі автокөлікті зақымдап, бір жүргіншіні жарақаттады

Дәрігерлердің ақпаратына сәйкес, қатты жел Семей қалалық жол полициясы басқармасының күзет бөлімі ғимаратының шатырын жұлып әкеткен. Жан-жағы 2 және 3 метрлік жабын екі автокөлік пен сол маңнан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні басып қалған.

Қазір жүргіншінің денсаулығы туралы ақпарат жоқ. Дәрігерлер әлі оқиға орнында жүр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті