Семейде иесіз жеті снаряд табылды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 5-қараша күні сағат 10.38-де Семейдің ішкі істер департаментіне 13 жасар жасөспірім № 34 үйдің маңынан жеті снаряд тауып алғандығы туралы хабарлаған.

"Арнайы жүргізілген іс-шаралар барысында табылған заттың 122 мм калибрлі артиллериялық снаряд екендігі, олардың төртеуі тәжірибелік, үшеуі реактивті снаряд екендігі белгілі болды",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ішкі істер департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің саперлер тобы келгенше снаряд табылған жерді қоршауға алған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті