Әскери қызметкерді салтанатты марапаттау шарасы 54/770 әскери бөлімшесінде өтті. Орденді "Шығыс" аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы Сәкен Жасұзақов табыс етті. Ол, Е. Әлібековтің "әскери және қызметтік парызын үлгілі атқарғаны, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету барысындағы ерлігі мен жанқиярлығы үшін" мемлекеттік марапатқа лайық екендігін атап өтті.
Е. Әлібеков Иракта 2005 жылғы 23-тамыз бен 2006 жылдың наурыз айлары аралығында болған. "Мен өз еркіммен рапорт жазып, аттестациялық коммисиядан өтіп, "Қазбат" бітімгерлік батальоны құрамында Иракқа бардым",- дейді ол. "Инженерлік-саперлер отрядының алдына өңірді барлау, жарылғыш заттарды іздеу және жою, сонымен қатар ауыз су табу міндеттері тұрды",- дейді Е. Әлібеков.
"Мен инженерлік-саперлік отряд Ирактағы бітімгерлік операциясын орындады, сондай-ақ, фугас ретінде және ғимаратты қирату үшін жарылғыш заттарды қолданудың жолдарын кесіп, лаңкестікпен күреске аз болса да өз үлестерін қосты деп санаймын",- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті