Оның айтуынша, қылмыскер "Ауыл" кеден бекетінде ұсталған. Ол мінген жеңіл автокөліктің жанармай құятын багынан құпия қойма табылып, одан ықтиятты буып-түйіліп, скотчпен оралған қағаз бумалар шықты. Бумаларда салмағы 20 кило 494 грамм болатын шикі апиын бар екен. Қ.Бөкішевтің айтуынша, "қара базарда" мұндай есірткі 1,5 млн. теңгеден жоғары бағаланады.
Автокөлік иесі қамауға алынды. Ұсталған Ресей азаматы бұған дейін де есірткі тасымалдағаны үшін екі мәрте сотталған көрінеді. Тергеу кезінде ол автокөлікті жуырда ғана сатып алғанын және құпия қойма туралы ештеңе білмейтінін, табылған есірткіге ешбір қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Ұсталған адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.