Семейде көктайғақтан бір күнде 84 адам қол-аяғын сындырған

Бір күн толассыз жауған қар аралас жаңбыр қала көшелерін көк тайғаққа айналдырған. Жергілікті коммуналдық қызмет мұздан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқанымен, көк мұзда жығылып, жарақат алғандар легі толастар емес. Бір күнде 40 адамның аяқ-қолдары сынып, ауруханадан балдақпен шықты.


Зейнегүл Дәнібаева, Семей қаласының тұрғыны:

- Үйіме таяп қалғанда осы ауа райының кесірінен тайып жығылып, осы оң қолым міне қазір жарақат алды. Көшенің суын уақытында сорғызып отырса,  мүмкін мұндай болмас еді деп ойлаймын.