Жол полициясы басқармасының ақпараттарына сүйенсек, бүгін таңертең жаңа көпірде бірнеше көліктердің қатысуымен апат болған.
Қатты тұман мен көк тайғақ салдарынан бүгін таңертең Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірде жолаушылар тасымалдайтын "ГАЗель" мен жолаушылар автобусы соғысқан. "Апатқа көліктердің арақашықтықты сақтамағандығы себеп болған, бұл әсіресе жолдардағы көк тайғақ кезінде қауіпті",- деп түсіндіріп өтті Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының ұйымдастыру-аналитикалық және профилактикалық жұмыстар бөлімінің бас маманы Владимир Попов. Жолаушылардың барлығы шығарылған, зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта көлік қозғалысы ескі көпір арқылы жүргізілуде.
В. Паповтың хабарлауынша, қазіргі уақытта жол полициясының басшылары қала жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті