Семейде көлік жүргізушісі автобус аялдамасында тұрған әйелді соғып кетті

Жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Мәнсия Әукенованың айтуынша, қайғылы оқиға 3-қазанда 13.20 болған. "30 - 35 жас шамасындағы әйел Народная аялдамасында тұрған, кенеттен оны өтіп бара жатқан жеңіл көлік соғып кеткен",- деді М. Әукенова. Зардап шегуші ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, бірнеше сағаттардан кейін көз жұмған.

Қазіргі уақытта аталмыш оқиғаны тергеумен құқық қорғау органдары айналысуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті