Семейде көліктің аударылуы салдарынан екі адам қайтыс болып, біреуі зардап шекті

Басқарманың ақпараттарына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Қаржаубайұлының атындағы көшеде таңертең ерте болған, "Ауди-80" маркалы көлік өте жоғарғы жылдамдықпен жол жиегіне соғылған. "Соның салдарынан көлік аударылып, 26 жастағы жүргізуші атап болған жерде қайтыс болды",- деп түсіндірді төтенше жағдайлар мекемесінен.

"Көлікте отырған тағы екі жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Оның біреуі екі сағат өткеннен кейін ауруханада көз жұмды",- деп қосты басқармадағылар.