Семейде коммуналдық қызмет шұңқырды бітемей кеткен

Көше ортасындағы ми батпақ жаңбыр немесе еріген қар суынан емес, құбырдағы таусылмайтын апаттан болған. Жұмасына бірнеше мәрте жарылады деп ашынады жұрт. Салдарынан оқушылар қарсы бетте тұрған мектепке зорға дегенде жетеді, ал көліктер бұл жерді айналып өтуге тырысады. Көшеде су тізеден келсе, үйлерде тіршілік нәрі жоқ. Тағы сол құбырдың тесілуінен тұрғындар суды бір шақырым жерден тасып әкелуге мәжбүр. Шенділер келесі жұмадан бастап сумен үздіксіз қамтимыз деп отыр. Ал бұзылған жолды жөндеу кімнің мойнында екені белгісіз.


Райхан Мұсабекова, Семей қаласының тұрғыны:

-Қазды құбыр қоямыз деп. Сол беті жапты, қалды! Ал енді құбырлар бірінен соң бірі жарылып жатыр! Келіп істейді, кетеді. 2-3 күн сайын шақырамыз!