Семейде көп балалы он анаға "Алтын алқа" және "Күміс алқа" наградалары табыс етілді

Семей әкімінің орынбасары Серікқазы Оразалиев көп балалы аналарға наградаларын табыс етті. "Алтын алқа" 10 баласы бар үш анаға берілді. "Күміс алқа" наградасы 8-9 бала тәрбиелеп өсірген 7 әйелдің омырауына тағылды.

"Сіздер тек балаларыңыз алдында ғана ардақты емессіздер. Сіздер мемлекет алдында үлкен еңбек сіңіріп, мемлекет алдында абыройларыңызды асырдыңыздар", - деп атап өтті С. Оразалиев.

Ол сондай-ақ, құрметті наградалардың иелерін келе жатқан ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Алтын алқа" және"Kүміc алқа" 1993 жылы бекітілді. "Алтын алқа" он және оннан аса баланы өсіріп, тәрбиелеген аналарға беріледі. Ал "Kүміc алқамен" сегіз және тоғыз баланы туып өсірген аналар наградталады.