Семейде көп қабатты тұрғын үйдегі өрт салдарынан 20 адам басқа жаққа көшірілді; құрбан болғандар жоқ

Оның айтуынша, бүгін 8 сағат 30 минутта "01" қызметінің кезекші бөліміне қала орталығындағы Достоевский көшесінде орналасқан 10 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы бір пәтерде өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түскен. Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге үш автоцистерна, екі автосаты мен 18 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Н.Елемесовтың айтуынша, түтін бесінші қабатқа дейін жайылып, саты алаңын түгел тұмшалап алған. Осыған байланысты осы қабаттарда тұратын тұрғындар өз бетерімен үйден шыға алмай қалды. Автосатның көмегімен 20 адам түсіріп алынды, олардың төртеуі балалар. Задап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Қазір өрттің шығу себептері мен шығын көлемі есептелуде. "Алдын-ала болжам бойынша сіріңкемен ойнаған балалар өртке себеп болған",- дейді Н.Елемесов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті