Семейде көп қабатты үй өртеніп, 1 адам мерт болды

Семейде 5 қабатты тұрғын үй өртенді. Салдарынан 1 адам көз жұмып, 79 адам құтқарылды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Өрт  8 ақпан күні сағат 01.43-те Селевин, 15 мекенжайында тіркелген. 79 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 20-сы бала. Ал 162 адам дер кезінде пәтерлерінен шығып үлгерген.

Анықталғандай, өрт көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден шыққан. Тілсіз жауды ауыздықтаған құтқарушылар пәтерден ер адамның мүрдесін тапты. Қазір оның жеке тұлғасы анықталып жатыр.

«Өрттің жалпы аумағы 20 шаршы метр. Салдарынан пәтердің есік-терезесі, жиһаз, тұрмыстық техника жанып кетті. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, өрт қасақана қойылған немесе өрт қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Қазіргі уақытта қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындардың барлығы баспаналарына  оралды»,-деді мемлекеттік өртке қарсы күрес басқармасының бастығы Ернар Жалелов.