Оқиға түнгі үште болыпты. Жолдасымен ұрсысып, ашуға булыққан әйел баласын алып үйінен шығып кетеді. Артынша, құшағындағы 1 жарым жастағы сәбиімен қоса Ертіс өзеніндегі қауіпті аумаққа жеткен. Есін жинап өзі жағаға шыққанымен, ағыны қатты суда қолындағы баласын жоғалтып алған екен. Әзірге ерлі- зайыптылардың арасындағы өлімге итермелеген кикілжіңнің неден туғаны белгісіз. Қазір бұл іске жергілікті полиция араласып, тергеу жүргізіп жатыр. Егер қасақана кісі өлтіруге оқталғаны дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал таңнан бері іздеуге кіріскен сүңгуірлер қыз баланың денесін таба алар емес.
“Ағын қатты, жағада тұратын жер жоқ. Ағын алысқа алып кетті деген ойдамыз”, – дейді құтқарушы Ринат Бабажанов.