50-ден асқан 3 әйел жалпы құны 1 млн теңгеден асатын 68 түрлі дәріні пойызбен тасыған. 8 қапқа толтырылған контрабандалық заттардың арасында бас ауруына арналған қарапайым таблеткалардан бастап, психотропты дәрілерге дейін бар. Өзбекстандықтар 2 қапты Алматыда қалдырып, қалғанын еліне апарып сатпақ болған. Қазір контрабандамен ұсталғандар ешқайда кетпейтіні туралы қолхат беріп, тәркіленген заттары сараптамаға жіберілді.