Семейде күн райына байланысты жолдар жабылды

Оның айтуынша, бүгін түнде қалада жаңбыр жауып, таңертеңгісін қатты көктайғақ түзілген. Сонымен бірге өңірде жел күшейді. Барлық автовокзалдарға бағытты автобустарды жолға шығармауға тапсырма берілді. Сонымен бірге барлық көлік құралдарынан қаладан шығуға тыйым салынған.

М.Дүкеновтың айтуынша, 27-ақпанда күн райы тіптен нашарлап, қар жауып, боран соғып, желдің күші секундына 22-27 метрге жетеді деп күтілуде.

Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшылығы қаладағы барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға адамдардың өліміне жол бермеуге кешенді шаралар қолдану тапсырылды. Сонымен бірге тұрғындарға төтенше жағдайлардың ықтималдығы және ондай жағдайда қолданылатын шаралардың тәртібі туралы хабар таратылды. Апаттан құтқару қызметтерінің күш- құралдары жоғары дайындық жағдайына көшіріліп, тіршілік қамтамасыздығы нысандарының тұрақты жұмыс істеу жағдайы қамтамасыз етіліп, көлік құралдарының қозғалысына, жол-көпірлердің жағдайына жасалатын бақылау күшейтілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті