Семейде мектеп асханасындағы тамақтан он алты оқушы уланған

Қалалық ТЖ басқармасы хабарлағандай, 25-қыркүйек күні «Жедел медициналық жәрдем» ауруханасының кезекшісінен уланды деген күдікпен №19 мектеп оқушылары ауруханаға жеткізілгені туралы мәлімет келіп түскен.

«Ауруханаға жатқызылған үш оқушының екеуі үшінші сыныпта, біреуі алтыншы сыныпта оқиды. Қалғандары үйлерінде емделіп жатыр», - деп хабарлайды қалалық ТЖБ.

Зардап шеккендер 2-ші және 6-сынып оқушылары. Оларға «тамақтан улану, гастроэнтерит» деген диагноз қойылып отыр.


Басқарма мәліметіне сүйенсек, мектеп асханасы жергілікті жеке кәсіпкердің қолында.

Аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр. Асхана жабылды.