Семейде мектеп асханасындағы тамақтан уланғандар саны артты


Олардың бәрі 24 қыркүйек күні №19 орта мектептің асханасында тамақтанғаннан кейін уланып қалған.

Жалпы алғанда, қала ауруханасына астан уланған 70 адам көмек сұрап барған. Олардың 36-сы амбулаторлық ем қабылдауда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, аталған фактіге қатысты Семей қаласының ІІБ-нің және «Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті бойынша Семей қалалық басқармасы» РММ-нің қызметкерлерімен тергеу амалдары жүргізілуде.