Семейде мектеп директоры қала әкімі сыйлаған миллионды ала алмай жүр

Жұмағазы Стамбеков, мектеп директоры:

-Менің құқығымды бұзып, осындай жағдай жасап отырғанына мен намыстанып отырмын. Менің «намысымды таптап отыр» деп есептеймін! Қалалық білім бөлімі де, қала әкімі де!

40 жылдық тәжірибесі бар ұстаз мұны «мазақ қылу» деп отыр. Жылда болатын тамыз конференциясында қолындағы осы сертификатты көпшіліктің көзінше қала әкімінің өзі табыс етіпті. Алайда, арада екі жыл өтсе де, алған ақшасы жоқ. Уәделі сыйлықтың өзіне берілмегенін айтып, Жұмағазы Стамбеков білім бөлімі мен қала әкіміне хат жолдаған. Бірақ, сол күйі жауап алмапты. Ақшаға қажетті жиһаз алмақ болған директор енді прокуратураға шағым түсірді. Білім бөлімі басшығының да өз уәжі бар. Айтуларынша, сыйақы дер кезінде мектептің шотына аудырылған. Ал директордің сөзі «жала» деп, бет бақтырмады.


Гүлжан Алтынбекова, Семей қалалық білім бөлімінің бастығы:

-Ол 2 млн теңгені алған. Біз оны жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржының ішіне қосқанбыз. Мердігер мекеме жұмысты істемей, қашып кеткен. Біз оған кінәлі емеспіз ғой!