"Облыс әкімі Жәнібек Кәрібжановтың тапсырмасымен 100% мемлекеттік қатысуы бар кәсіпорындар ашық конкурста Семейдің 21 қазандығы мен 42 шақырымдық жылу желісін сатып алды", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметтері бойынша бұдан бұрын қазандықтар "СТЭК" АҚ иелігінде болып, жүйелі және кәсіби менеджменттің қолданылмауынан қомақты көлемде қарыздар көбейіп, жеке меншікте болған нысандарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеді. Бұл Семейді тоқтаусыз жылумен қамтамасыз етуге кері әсерін тигізді.
"Жасалған келісім шарт қаладағы жылу энергетикалық кешенін ретке келтіруге мүмкіндік береді. Семейді жылумен қамтамасыз ету желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңару жұмыстарын жасау үшін биылғы бюджеттен 1,3 млрд теңге қарастырылған. Бүгінгі күні "Бийск қазандық зауытымен" ААҚ қазандықтарды және тиісті құрал -жабдықтарды сатып алу жөнінде келісім-шарт жасалды. Бұл кешенді шаралар қаланы тұрақты жылу жүйесімен қамтамасыз етуге бағытталған", - деп хабарлады баспасөз қызметі.