Семейде мүгедектер наразылыққа шықтық

Көше бойында пандустардың жоқтығы мен жолдарды жағалай қаптаған бордюрлар мүгедектер үшін күнделікті қиындық туғызады. Орнатылған пандустардың өзі зағиптарға тым ыңғайсыз. Онымен сырғып өтпек болғандар талай мертіккендерін айтуда. Сондықтан амалсыздан жолай өтетін адамдардан көмек сұрауға мәжбүр. Семейдегі түрлі мекемелер мен сауда орындарына кемтарлар мүлдем қатынаудан қалған. Себебі онда кіреміз деп астындағы қоларбаларын бірнеше рет сындырған екен.


Ринат Мұсабаев, Бірінші топтағы мүгедек:

- Қолайсыз жағдайда арба бұзылады. Бұның біреуінің бағасы 75 мың теңге. Қазір мұндай арбалар жоқ та. Пандусты жасайды, жасамайды деп айтпаймыз. Бірақ өте ыңғайсыз. Сол жасаған адамдардың өздері пандуспен көтеріліп көрсе, сонда көрер еді.