Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қалаға Қазақстанның, Ресей Федерациясының, Қырғызстан мен Қытайдың 50-ге жуық белгілі мәдениет қайраткерлері, атақты филологтар мен әдебиетшілері келеді деп күтілуде. Атап айтқанда, қазақ жазушысы, Әуезовтанушы Әбіш Кекілбаев, Қытайдың ғылым академиясының профессоры Жақып Мырзахан, М. Әуезовтың "Абай жолы" туындысын орыс тіліне аударған аудармашы Анатолий Ким, Кемеровск мемлекеттік мәдениет институты мен В. Шукшиннің атындағы Барнаул мемлекеттік педагогокалық университетінің доценттері келеді. Сонымен қатар, Мұхтар Әуезовтың мерейтойын тойлауға оның туыстары - ұлы Мұрат Әуезов пен қызы Мұғалима Әуезов келеді.
Семейде мерейтой шаралары аясында ғылыми-практикалық конференция өтеді. Қонақтар сондай-ақ кезінде жазушы оқыған М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжіне барып, оның ескерткішіне гүл шоқтарын қояды. Іс-шаралар бағдарламасы Абай атындағы театрдағы салтанатты жиналыстан кейін, М. Әуезов драмасы бойынша қойылған "Еңлік-Кебек" қойылымын тамашалаумен аяқталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті