Оның айтуынша, "телекөпір Нагасаки қаласындағы 1945-жылғы 9-тамыздағы атом бомбасы құрбандарын еске алу құрметіне ұйымдастырылды". Телекөпір барысында Семейліктер Нагасаки қаласындағы қайғылы оқиға құрбандарын еске алуды мұрат тұтқан салтанатты гүл шоқтарын қою рәсіміне он-лайн режимінде атсалысып куәгер болды.
С.Сағындықованың айтуынша, "Қазақстан мен Жапонияны ядролық трагедия байланыстырады. Сол себепті ғаламдық желідегі бүгінгі байланыс Нагасаки тұрғындарымен тілектестіктің бір нышаны іспетті".
Қазақстан мен Жапония арасындағы етене жақын ынтымақтастық 15 жылдан бері созылуда. Бірақ бұл екі жақты достық тарихындағы алғашқы телекөпір. "Телекөпір қандайбір кедергі-кемшіліксіз өтті. Кездесуге Нагасаки университеті мен Семей жұртшылығы өкілдері қатысты. Телекөпірді ұйымдастыруға Нагасаки университеті профессорының көмекшісі, жерлесіміз Серік Мейірманов мұрындық болды. Жапония жағына сұрақ беру мүмкіндігіне тек диагностикалық орталықтың өкілдері ғана емес, сонымен бірге ұстаз мұғалімдер мен қала жастары да ие болды",- дейді С.Сағындықова.
Келешекте семейлік дәрігерлер ғаламдық желіде қашықтан оқыту тәсілімен маман дайындау үрдісін дамытпақшы.
С.Сағындықованың пікірінше, Қазақстан мен Жапонияның жоғары оқу орындары арасындағы байланысты одан әрі тереңдету жапониялық мамандардың тәжірибесі мен технологияларын алмаса жинақтауға жол ашпақ.