Оған арналған винил пластиналары жүз жылдай сақталып келсе де ән анық естіледі. Патефон мен граммофонға арналған осындай мыңнан аса күй табақтар да сол қалпында. Оқушылардың біразы ескі құрылғыларды бірінші рет көріп тұрғанын жасырмады. Өлкетанушылар үйінде тұрған осындай тарихи дүниелерді енді мұражайға тапсыруды жоспарлап жүр.
Валерий Колбин, өлкетанушы:
-Пластиналардың көбі жертөлелерде шаң басып жатқан. Оларды жинастыра отырып, жастық шағымызды бір есімізге алдық. Бұлардың барлығы 20-шы ғасырдың тарихын көрсетеді. Сондықтан оны сақтап қалу маңызды.»
Loading...