Оның ақпаратына сәйкес, "резерват басшылығы жаңа жал қарсаңында қылқан жапырақты өскін ағаштарды қорғауды күшейтіп, резерват қызметкерлерін тәулік бойы кезекшілікке шығару жөніндегі бұйрыққа қол қойды". Атап айтсақ, 36 мобильді топ құрылды (әрбір топта 3 - 4 адам бар), олар орманды массив арқылы өтетін негізгі жолдар бойынша жүреді.
Сонымен бірге, 24 бақылаушы блокпост құрылды, олар орманннан шыға берісте жолдардың қиылысы мен көпірлерде орналастырылған.
"ҚР үкіметінің жаңа қаулысына сәйкес, әрбір кесілген шырша үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл белгіленген", - деді А. Шайдуллин.
Оның хабарлауынша, сондай-ақ, биыл "Семей орманы" резерватынан бөлшек саудаға шыршалар шығарылмайды. "Жаңа жылдық шыршалар тек мектептерге, мектепке дейінгі мекемелерге, мәдениет үйлеріне ШҚО әкімшілігінің тапсырысы бойынша ҚР орман шаруашылығы комитетінің рұқсаты бойынша ғана беріледі", -деді А. Шайдуллин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті