Семейде өрт болған үйден автосатымен 26 адам құтқарылды

деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті құрықтауға жеке құрамнан 17 адам және 5 техника қатысты.

Оқиға 9 қабатты тұрғын үйдің 6-шы қабатындағы электрсанауыш пен электр сымының тұтануынан болған. Үстіңгі қабаттағы тұрғындар қатты түтіннен қамауда қалған. Өрт сөндірушілер автосатының көмегімен 26 адамды құтқарған, оның алтауы - бала.

Көшірілгендердің арасында зардап шеккендер жоқ.