Семейде өрт салдарынан 14 жасар мектеп оқушысы зардап шекті

Басқарма ақпаратына сәйкес, кеше 18 сағат шамасында қалалық өртке қарсы күрес қызметінің кезекші бөліміне Восточный ауылындағы жай үйде өрт шыққаны туралы хабар келген.

"Өрт салдарынан 8 сынып оқушысы зардап шегіп, балалар ауруханасына күйікпен жатқызылды. Пәтерде жалпы аумағы үш шаршы метр жерде жиһаз өртенген", - деп хабарлайды басқармадағылар.

Өрт себептері мен кінәлі тұлғалар анықталу үстінде.

Басқарма мәліметінше, жыл басынан бері Семейде 172 өрт шықты, оның 110-ы жай үйлер секторында шыққан. Жалпы сегіз адам қаза тапты, оның біреуі - бала.