Оның айтуынша, екі адам да автокөлік қағып кету салдарынан қаза тапқан. Зардап шеккендердің бірі, 80 жастағы кейуананы "Мазда" көлігінің жүргізушісі қағып кеткен. Көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізілген әйел 5 сағаттан кейін қайтыс болды.
Сондай-ақ, бұл күні "ВАЗ-2101" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оның аты-жөні әзірге анықталған жоқ. Жүргінші жарақаттардан оқиға орнында қаза тапты.
В.Поповтың айтуынша, 2007-жылдың басынан бері Семейде жол апаттарының саны күрт көбейген. Қалада жылдың алғашқы екі айында 40 жол апаты болды, ал былтыр осы мерзімде бұл көрсеткіш 29 болған. Жол апаттарынан 10 адам қаза тауып, 33-і жараланды. 2006-жылы осы мерзімде қаза тапқан 2 адам мен зардап шеккен 32 адам тіркелген. Жол апаттарының көбеюіне, В.Поповтың пайымдауынша, жол қозғалысы ережелерін бұзу мен күн райының күрт бұзылуы себеп, қазір Семейде қатты көктайғақ болып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті