Ала тақиялар қазақ футболының отаны саналатын Семей қаласына арнайы келген құрметті қонақтарға табысталды. Жалпы мұндай бас киім 200-ге жуық данамен шығарылған. Оның біршамасы Ресей, Грузия, Украина қаласынан ат арытып келген аяқдоп спортының ардагерлерінің басында кетті. Айта кетейік, өткен демалыс күндері Семейде Қазақстан футболының мерейтойы кең көлемде аталып өткен болатын.