Семейде өзін суға тастамақшы болған жігітті тұрғындар құтқарып қалды

Бұл сәттегі видео әлеуметтік желіде жүр, деп жазды sn.kz

Өзінің айтуынша, ол таңғы уақытта судың арғы бетіне жүзіп өтпекші болған екен. Бірақ жолай көпірден өтіп бара жатқан ер азаматтар оны байқап қалып, суға секіргелі тұрған тұсында тоқтатып үлгерді. Олар жігіттің бұл әрекетін өмірімен осылай қош айтыспақшы болған деп түсінген.

Ал желі қолданушылары өзін суға тастамақшы болған оның ақыл-есі сау емес екенін айтуда. Кейбіреуі «Ішкілікке тойып алғаннан не істерін білмей жүрген әңгүдік» деп жазған.