Есікті бұзып кірген мамандар еденде жатқан 70 жастағы зейнеткердің мәйітін тапқан. Екі күн бойы жақындары телефон шалып, жауап ала алмаған соң, құтқарушыларды шақырыпты. Дегенмен, асүйдің ішінде омақаса құлаған зейнеткер бірден мерт болған. Туыстары дабыл қаққан тағы біреуі абырой болғанда аман қалды. Үй ішінде тайып құлаған қарт қайтып көтеріле алмапты. Ал тағы бір көпқабатты үйде пәтердің құлпы бұзылып, іштегі ата мен әже екі күн тысқа шыға алмай қиналған. Оларды алып шығу үшін құтқарушыларға терезе арқылы кіруге тура келді.