Семейде педагогикалық колледждің үш студенті уланып ауруханаға жеткізілді

Төтенше жағдайлар басқармасының анықтағанындай, бірінші курста оқитын үш студент қыздың улануына дәріс оқитын залда газ баллонынан шашылған газ себеп болған. "Орташа ауыр деңгейде уланған қыздар ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың жағдайы тұрақтанды", деп хабарлайды басқарма.

Төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, 11 сағат шамасында тері бұйымдары мамандарын дайындайтын колледжден басқармаға үш студент қыздың талып қалғаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқыс оқиға орнына келген құтқарушылар зардап шеккен студент қыздардың педагогикалық колледжде оқитынын анықтады. "Олар тері бұйымдары мамандарын дайындайтын колледжде сабақта болған",- дейді басқармадағылар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті