Семейде петардтың жарылуынан төрт адам зардап шекті, оның үшеуі бала

Дәрігерлердің ақпараты бойынша, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні екі адам жарақат алды. "Қолында петардты ұстаған 6 жастағы баланың арқасына от ұшқыны түсіп, 1-2 дәрежелі күйікке шалынды. Сонымен бірге, 43 жастағы ер адамның екі көзі күйіп қалды", - деп түсіндірді стансада.

Сонымен бірге, 1 және 2 қаңтарда 8 жасар екі бала ауруханаға жеткізілді. "Педардттың жарылуынан бір баланың көзі күйіп, екіншісінің оң қолының алақаны күйіп қалды", - деді дәрігерлер.

Барлық зардап шеккендер қала ауруханаларына таңылды.