Жол патрульдік полициясы әдеттегіше орталық аумақты торуылдап жүргенде, жер үйлердің бірінен түтін шыққанын байқапты. Полицейлер лапылдап жанған баспана ішінен жеткіншекті аман алып қалды. Ал оның беті-қолын күйдірген анасы ауруханаға жеткізілген.
Дархан Тайыров, Семей қалалық ІІБ қызметкері:
-8 жылдан бері полицияда қызмет етемін. Мұндай жағдай алғаш болып отырған жоқ. Өзіме жүктелген міндетті ғана атқардым деп санаймын.
Loading...