"Біз көлік ұрлаумен айналысқан үш жігітті ұстау үшін бір ай бойы жұмыс істедік. Олар қосалқы бөлшектерді ұрлаған, бірақ негізінен көліктердің дөңгелектерін шешіп алумен айналысыпи келген",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
"Олар желтоқсан айында барлығы 20-дан астам ұрлық жасаған. Олар ұрланған заттарды таныстарына немесе базарда сатқан",- деді полицейлер. Ұсталған азаматтардың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, екінші қылмыстық топ 32-ші мектептің маңында ұсталған. "Бұл жерде үш жігіт бір әйелдің қолынан сөмкесін жұлып қашқан. Тергеу барысында осы азаматтар тарапынан жасалған тағы да 5 қылмыс дәлелденген. Олардың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 178-бабы бойынша (тонау) қылмыстық іс қозғалды",- деп хабарлады полицейлер.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ұсталған алты азамат та Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданының тұрғындары болып табылады, олардың ешқайсысы да жұмыс істемейді, еш жерде білім алмайды.