Семейде полицияның әрекеті жүргізушілерді таңқалдырды

Шағын автобуста жайғасқан қабылдау пунктіне кірген жүргізушілерге үнпарақтар таратылды. Артынша алаңдатқан мәселелер бойынша сұрау жүргізілді. Бірі жолда ойына келгенін істейтін бұзақылар жайлы айтса, енді бірі техникалық байқау талаптарының өзгергеніне наразы екен. Жанармай төңірегінде де әңгіме қозғалды. Әдетте полициядан алшақ жүруге тырысатын жүргізушілер қалааралық жолдарда жол сақшыларының санын көбейтсе деген ұсыныс білдірді. Бұл шараны қолдағандар да, одан қорқып қалғандар да табылды.


Тілек Сәдуақасов, жүргізуші:

-Мен келе жаттым жолда. Жол полициясы тоқтатты. Мен өзім ойладым, жылдамдық асырып немесе тәртіп бұздым ба деп. Ондай емес екен. Акция жүріп жатыр екен.