А. Салтабаевтың ақпаратына сүйенсек, мерекелік шаралар Семей қаласында маусымның 16 мен 21 аралығында өтеді.
"Негізгі шаралар 20 маусымда өтеді. Абай алаңында жергілікті ақындардың шығармашылық сағаты өтеді. Мұнда ақындарымыз қазақ, украин және еврей тілдерінде өлең оқитын болады. Оның барлығы да біздің қаламызға арналады. Сол күні қалада "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" бөлімшесін ашу жоспарланып отыр", - деді А. Салтабаев.
"Біз, әдетте, қала күнін күзде тойлайтынбыз. Енді қала күнін 21 маусымда тойлайтын болдық. Қалаға 290 жыл толып отыр. Алайда мен оның жасы әлдеқайда жоғары деп есептеймін", - деді баспасөз мәслихатында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Кусмиля Нурқасым.