Семейде қаскүнем ізін жасыру үшін өлген әйелдің бетіне бояу жаққан

Ол қылмысын жасыру үшін құрбан болған адамның бетіне крем, бояу жаққан, деп хабарлады YK-news.kz. 

Оқиға бойынша, қаза болған жас әйел көршісіне мас күйінде келген. Айыпталушының айтуынша, ол оның мазасын алған. Үй иесі де мас болған. Шақырусыз қонаққа риза болмаған ол оның кетуін талап еткен. Алайда, әйел адам шықпай қойған. Ашуланған үй иесі оны ұрып-соғып, тұншықтырып өлтірген. Қылмысын жасыру үшін бетіндегі қанды сүртіп, көгерген тұстарына крем жаққан. Содан кейін оның денесін көшеге шығарып, шарбақтың жанына қалдырып кеткен. 

Қылмысы дәлелденген ер адамды ШҚО соты қасқана кісі өлтіргені үшін 9 жарым жылға бас бостандығынан айырды.