Дәрігерлердің ақпараттарына сүйенсек, қаланың Әуезов ауданындағы мейрамхананың жанынан бір еркектің денесі табылған. "Ол мейрамханадан мас күйінде шыққан бетте құлап, сол жерде үсіп кеткен болу керек. Қайтыс болған азамат шамамен 35 - 40 жас шамасында",- деп хабарлады станциядағылар.
"Ақкөл көшесінде тұратын тағы бір еркек екі қолын үсітіп алған. Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді",- деп хабарлады дәрігерлер.