Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, кеше соққан қатты жел салдарынан, компанияның диспетчерлік қызметіне қала тұрғындарынан электр желілерінің үзілгіндігіне байланысты 80-нен астам шағым түскен. "Және де желінің бос болмауынан кейбіреулер қоңырау шала алмай отыр. Қоңыраулар әлі де түсіп жатыр",- деп нақтылады баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта апат салдарын жоюмен 8 бригада айналысуда. "Бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандар, екінші кезекте - көп қабатты үйлер, тек содан кейін ғана жекелеген жағдайлар қосылуда",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті