"Бұл мешітте 3 мың адам бір мезгілде мінәжат ете алады. Бұл мұндай ауқымдағы алғашқы қазақ мешіті болмақ", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.
Биіктігі 41 метрді құрайтын төрт мұнаралы мешіт Ертіс өзеніндегі аспалы көпірдің маңына, кезінде Жібек жолы өткен негізгі жолдар торабына салынады.
"Мұндай жоба - бүкіл Орта Азияда жалғыз. Құрылысқа бөлінген аумақ 4 га құрайды. Құрылыс барысында барлық аумақ абаттандырылады. Мұнда мұсылмандардың діни жоралғыларын жасау үшін барлық жағдай жасалады. Мешіт құрылысымен түрік фирмасы айналысатын болады", - деп хабарлады әкімдік.
Баспасөз қызметі атап көрсеткендей, мешіт толығымен демеушілер қаржысы есебінен салынады.
Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының меңгерушісі Бауыржан Әбішевтің ақпаратына сүйенсек, мешіт құрылысын осы аптада бастап, 2008 жылдың желтоқсанына дейін аяқтау көзделіп отыр.