Семейде қоғамдық көліктегі жолақысы арзандайды

Кәсіпорын қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, 15 желтоқсаннан бастап "Азия Комби"ЖШС-нің қоғамдық көлігімен қатынау жолақысы 20 теңге тұратын болады, бұл қазіргі тарифтен 10 теңгеге арзан. Бірақ арзандатылған тариф тек бірнеше бағытта ғана қолданылады.

Бағаның арзандау себебін кәсіпорындағылар "коммерциялық құпия" дегенге сілтеме жасап түсіндіруден бас тартты.