Семейде қоғамдық көліктерде жүру жолақысы төмендейді

"24 қарашадан бастап "Такси паркі" ЖШС қызмет көрсететін 9 бағытта жүру жолақысы 401 теңгенің орнына 35 теңге болмақ", -дейді кәсіпорындағылар.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Әділғазы Бергенев өзінің Семейге сапары кезінде қаладағы жолаушы тасымалдаушыларды қоғамдық көліктерде жүру жолақысын төмендетуді міндеттеген. "Тасымалдаушылар биыл тарифті 15 теңгеге көтерді. Бірақ сіздер бағаны дизельдік отынмен жанармай 110 - 130 теңге тұрған кезде көтердіңіздер. Ал бүгін АИ-80 жанармайы 60 теңге тұрады. Сіздерге бір апта уақыт беремін - бағаны жанармай бағасына сай төмендетіңіздер", - деді Ә. Бергенев.