Тұқыны Семей өңірінде көбейту ісі осыдан 3 жыл бұрын қолға алынған. Бұрын-соңды Ертістің бойында кездеспеген бұл балық кез келген ортаға жылдам бейімделеді екен. Тек оны біраз уақыт жасанды көлде ұстау керек. Себебі, ұсақ балықтардың 40 пайызы бейімделе алмай, өліп қалады. Ал өзен жағасына әкелінген мына тұқылардың салмағы 2-3 келіге дейін жуықтайды. Егер браконьерлер қол сұқпаса, онда 3 есе салмақ қосуы тиіс. Сондықтан арнайы инспекция мамандары өзен маңын күшейтілген тәртіпте қадағаламақ.
Ермұхан Бектұрғанов, Семей қалалық балық инспекциясының бас маманы:
-Семей өңірі бойынша Үлкен Шүлбі су қоймасында осы жергілікті балық өсіретін жерлерді алғанда, 10 мыңдай балық биыл жоспарланып отыр жіберілуге.