Семейде қоршаған ортаны ластағаны үшін 22 лауазымды тұлғаға жалпы көлемі 300 мың теңгенің айыппұлы салынды

Басқарманың ақпараттарына сүйенсек, қалада жүргізілген санитарлық-экологиялық айлық науқан барысында Семей аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының қызметкерлері Семейдің өндірістік нысандарына тексеру жүргізген. "Сөйтіп, қалдықтарды дер кезінде тазаламағаны үшін, жерді мұнай өнімдерімен ластағаны үшін, құрылғыларды тазалу жүйесінсіз пайдаланғаны үшін, қалдық сулардың шығырылу нормативтерін асырғандары үшін 22 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Айыппұл сомасы 285 мың теңгеден асып жығылады",- деп түсіндірді басқармадағылар.

Сонымен қатар, инспекторлар 22 кәсіпорын жетекшілеріне тағайындалған және тіркелген аумақта тәртіп орнату туралы нұсқама берді. "Ауаға ластайтын заттардың нормадан тыс шығарылуы үшін, шаруашылық-тұрмыстық қалдық сулардың шығарылуы, қалдықтарды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін кәсіпорындарға 1 млн теңгеден астам шығынның орнын толтыру бойынша төрт талап қойылды",- деп атап өтті басқарма мамандары.

Атап айтқанда, "Фирма "Азия" ЖШС өндірістік базасының аумағы түгелдей ластанған, себебі қазандық тазалау жүйесінсіз жұмыс істеген. Фирма басшылығы әкімшілік жауапқа тартылды",- деп түсіндірді басқармадағылар. Сонымен қатар, олардың ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта "Семей - Водоканал" ҚКК және "Хазипов" ЖК тазарту құрылғылары мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын экологиялық нормаға сәйкестендіру туралы нұсқама берілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті